Сыныптан тыс іс-шара «Арт-микс»
08.10.2026
7 қазанда эстетикалық цикл апталығы аясында 6-сынып оқушылары арасында «Арт-микс» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шара оқушылардың бейнелеу өнеріне, көркем еңбекке және шығармашылық іс-әрекетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Қатысушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынасты: «Арт-жаңғыру», «Коллаждық мозаика», «Креативті сәулетшілер» және «Өнер біріктіреді» атты гранд-финал. Оқушылар өз білімдерін, қиялын, көркемдік талғамын және топпен жұмыс жасау қабілеттерін көрсетті.
Іс-шара соңында рефлексия өткізіліп, қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті.
Просмотров: 355