Ашық жаратылыстану сабағы: "Өсімдіктер мен жануарлар: олардың ұқсастығы және айырмашылығы неде?"
13.10.2026
13 қазан күні Атбасар қаласындағы №2 жалпы білім беретін мектепте 1 «Г» сыныбында «Өсімдіктер мен жануарлар: олардың ұқсастығы мен айырмашылығы неде?» тақырыбында ашық жаратылыстану сабағы өтті. Сабақ барысында оқушылар өсімдіктер мен жануарлардың ерекшеліктерін зерттеп, олардың ұқсас және айырмашылық тұстарын анықтады. Қызықты тапсырмалар арқылы балалар тірі ағзаларды салыстыруды, олардың өзіне тән белгілерін ажыратуды, топта жұмыс істеуді, өз пікірлерін білдіруді және қорытынды жасауды үйренді. Бұл сабақ оқушылардың қоршаған әлемге деген қызығушылығын арттыруға, табиғатқа құрметпен қарауға және өсімдіктер мен жануарлардың тірі ағзалар екенін түсінуге ықпал етті.
Просмотров: 392