Қазақстан Республикасының күні

19.10.2026

Қазақстан Республикасының Республика күні қарсаңында 10 «А» сынып оқушылары еліміздің маңызды мемлекеттік мерекелерінің біріне арналған тәрбие сағатын өткізді.

Оқушылар Республика күнінің тарихи маңызын еске алып, еліміздің тәуелсіздігі, бірлігі мен жетістіктері туралы ой бөлісті. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды сақтау мен Отанға деген құрметтің маңыздылығына тоқталды.

Осындай кездесулер жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді, азаматтық жауапкершілікті қалыптастырып, өз еліне деген мақтаныш сезімін арттырады. Өйткені Қазақстанның болашағы – жас ұрпақтың қолында!

Просмотров: 350


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу