Сыз. Тірілт. Танғалдыр
20.10.2026
Бүгін, 20 қазанда, біздің мектебімізде бастауыш сынып (3–4 сынып) оқушыларына арналған информатика пәнінің мұғалімі Зарынбеков Аманжол Баянбековичтің ұйымдастыруымен «Сыз. Тірілт. Танғалдыр» атты қызықты әрі шабыттандыратын сыныптан тыс шеберлік сыныбы өтті.
Кездесудің басты мақсаты — жас зерттеушілерге заманауи технологиялардың көмегімен қарапайым шығармашылықты қалай интерактивті сандық әлемге айналдыруға болатынын көрсету, сонымен қатар олардың логикалық және алгоритмдік ойлау қабілеттерін дамыту болды.
Просмотров: 393