Жануарлар бір-бірінен несімен ерекшеленеді? Неліктен жануарлар әртүрлі болады?
21.10.2026
2026 жылғы 20 қазанда 2 «Д» сыныбында «Жануарлар бір-бірінен несімен ерекшеленеді? Неліктен жануарлар әртүрлі болады?» тақырыбында жаратылыстану пәнінен сабақ өтті.
Сабақ барысында оқушылар жануарлар әлемінің алуан түрлілігімен танысып, жануарлар кластарын ажыратуды және олардың қоршаған орта жағдайларына қалай бейімделетінін үйренді. Балалар танымдық тапсырмаларды орындап, көрнекі материалдармен жұмыс істеді, өз ойларын ортаға салып, әртүрлі жануарлардың ерекшеліктері туралы білімдерімен бөлісті.
Сабақта жануарлар әлемінің алуан түрлілігін сақтаудың және табиғатқа қамқорлықпен қараудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Сабақ қызықты әрі танымды өтті. Оқушылардың жануарлар туралы білімдерін кеңейтіп, қоршаған әлемнің таңғажайып алуан түрлілігін тереңірек түсінуге көмектесті.